№22 емхананың мейірбикелеріне мың алғыс.
Жанымыз қиналған кезде Алланы ауызға алсақ, басымыз ауырып, балтырымыз сыздап, ауру жанымызды қинаған уақытта дәрігерлерге жүгінеміз.
Биылғы дүйім дүниеге дүрбелең әкелген короновирус деген жаман ауру дәрігерлеріміздің еңбегі қаншалықты жауапты болса, соншалықты кауіпті екендігіне көзімізді жеткізіп, адамдардың денсаулығы үшін жандарын кұрбан етіп жатқан дәрігерлермізге деген құрметімізді арттырды. Адам баласы басына іс түспесе бар ғой, ауырмасақ дәрігердің қадірін білмес едік. Менің жасым сексенге таяп қалды. Жолдасым да сексеннен асқан екінші топтағы мүгедек. Екеуміз де Алатау ауданын қарасты №22 калалық емханада диспансерлік есепте тұрамыз. Қазір өзі дәрігерлерге артылатын мін де, айтылар сын да көп қой, дейтұрғанмен бес саусақ бірдей емес шығар.
Біз қаралатын №22 емхана қазметкерлерінің барлығы да наукастардың қасөқабағына қарап қалған сондай елгезек жандар. Мен осы аяулы да қадірлі ақ халатты аьзал жандарған өзім суйіп оқитын «Алматы ақшамы» газеті арқылы алғысымда жеткізуді жөн көріп отырмын. Оның устіне 12 мамыр мейірбекелер күні екен. Емханаға барсаңыз да, ауруханада жатсаңыз да сіздің жаныңыздан табылатын осы аттарына заттары сай мейіргерлер екені даусыз. Сол сырқаттанғанда жанымнан табыла білетін учаскелік дәрігерім Аранынова, Әйгерім Шегірбай, Жанар Уақбаева және медқосшы Өрен Абатов балама аналық алғысымды айтамын. Адамға денсаулық сыйлайған сендерге Алла денсаулық берсін. Ауырмандар. Мерекелерің құтты болсын!