г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2025 жылдың 13 наурыз күні №22 қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Емханаға келген тұрғындар медициналық тексерістен өтіп, дәрігер онколог, жалпы тәжірибелі дәрігерлер (ЖТД), дәрігерге дейінгі кабинет, әйелдер қарау кабинетінде мамандардан тегін тексеруден өтіп, денсаулық мәселелері бойынша кеңес алды. Дәрігерге дейінгі кабинетте бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтап, сонымен қатар маммографиялық тексеруге жіберіліп, әйелдерді қарау кабинетінде онкоцитологияға жағынды алынып, скринингтік тексеруден толық өтті.

Іс шара барысында дәрігер мамандар пациенттерге ерте диагноз қою, сәтті емдеу мүмкіндігін едәуір арттыратынын еске салып, тұрақты скринингтік тексерулер денсаулықты сақтауға және ауыр аурулардың дамуын болдырмауға көмектесетінін айтып кеңес берді