14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі
Бүгін 14 наурыз №22 қалалық емханасында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Емхана қызметкерлері қазақтың ұлттық киімін киіп, бір біріне сый сиапат көрсетіп, жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсетіп, мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
14 наурыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы болып саналады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды.
Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.