г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Инфекциядан қорғану дәрісі өтті

Алматы қаласы Алатау ауданы №22 қалалық емхана иммунолог дәрігері Иманбергенова Б.Н мен эпидемиолог дәрігері Алиаскарова Б.Қ ұйымдастыруымен учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер арасында «Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасы, екпе алудың маңыздылығы, екпемен қамтамасыз етілуі, толықтай имундау» жайлы дәріс өткізілді.

Бүгінгі таңда жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу – бұл патологияның пайда болуын болдырмаудың ең тиімді және қауіпсіз әдісі. Иммунопрофилактика бұл көп жылдық тәжірибесімен дәлелденген, аурушаңдықты төмендетудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Иммунопрофилактика – жасанды иммунитетті құру немесе күшейту арқылы халықты жұқпалы аурулардан жеке немесе жаппай қорғау әдісі. Иммунопрофилактика: спецификалық (белгілі бір қоздырғышқа қарсы бағытталған) және спецификалық емес (ағзаның иммундық жүйесін тұтастай белсендіру). Белсенді (вакцинаны енгізуге жауап ретінде дененің өзі қорғаныс антиденелерін шығарады) және пассивті (денеге дайын антиденелерді енгізу).

Дәріс соңында дәрігер мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақпараттық кітапшаларын таратты.