г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Ерте араласу орталығы – баланың жарқын болашағына алғашқы қадам

Емханамыздың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Ерте араласу орталығы (ЕАО) 0–3 жас аралығындағы дамуында ауытқуы бар немесе даму қаупі бар балаларға кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Орталықтың негізгі мақсаты – баланың дамуындағы ерекшеліктерді ерте анықтап, уақытылы қолдау көрсету арқылы мүгедектіктің алдын алу, даму әлеуетін барынша арттыру және отбасының өмір сапасын жақсарту.

ЕАО-да келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

  • баланың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау;
  • кешенді бағалау жүргізу;
  • жеке араласу жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • түзету-дамыту қызметтерін көрсету;
  • ата-аналарды оқыту және сүйемелдеу.

Жұмыс мультидисциплинарлық команда арқылы жүзеге асырылады. Баламен дәрігер, психолог, логопед, дефектолог және басқа да мамандар бірлесе жұмыс істейді.