г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Ашық есік күні өтті

Ұлы Отан соғысының жеңісін мерекелеу аясында 2026 жылдың 8 мамырында №22 қалалық емхана қызметкерлері Еңбек майданының қатысушылары және оларға теңестірілген ардагерлерге ашық есік күні өткізді. Қозғалмайтын (тасымалдауға келмейтін) адамдарды медициналық тексеруден өткізуді үйде жалпы тәжірибе дәрігері, хирург, кардиолог, офтальмолог, әлеуметтік қызметкерлер және психологтардан тұратын кешенді топтар жүргізді.

Қан қысымы, холестерин, қандағы қант, көз қысымы және көру өткірлігі өлшенді, ЭКГ түсірілді, тегін дәрі-дәрмектер берілді. Барлығы 11 егде жастағы науқас тексерілді Пациенттерге емдеу тағайындалды, теңгерімді тамақтану, дене белсенділігі және салауатты өмір салтының басқа да аспектілері бойынша ұсыныстар берілді.