МӘМС жұмысының схемасы
№22 қалалық емхана қызметкерлері Шаңырақ – 2 ықшам ауданына қарасты сауда саттық дүкендерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Медицина қызметкерлері емханаға тіркелу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін анықтау, МӘМС жұмысының схемасы туралы түсіндірді. МӘМС бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.