ООШ №26
№ 26 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын жұқпалы аурулар туралы ақпараттандыру мақсатында “Жұқпалы аурулардың алдын алу”тақырыбында дәріс өткізілді. Кез келген басқа аурулар сияқты, жұқпалы ауруларды емдеуден гөрі жол бермеу оңай.
Жұқпалы аурулардың алдын алу, таралуын шектеу және жою мақсатында профилактикалық екпелер жасау арқылы иммунопрофилактика жүргізіледі. Адамдар көп егілген сайын, жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет пен тосқауыл соғұрлым жоғары екенін есте сақтау қажет.
Егер екпемен барлық халық қамтылса, инфекцияны жеңуге болады.
Дәріс барысында тыңдаушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Сонымен қатар оларға салауаттық өмір салтын ұстанудың барлық аспектілері бойынша ақпараттық білім беру материалдары таратылды.