Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз
№22 қалалық емханасында қазан айының 08 күні 2019 жылы емханамыздың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және де «Парасат» мектебі қарттарының қатысуымен «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!!» атты девизбен флешмоб өткізілді. Емханамыздың қызметкерлері, әлеуметтік қызметкері Акимова Улмекен қарттарымызбен бірге қазақтың «Қара жорға» биіне билесе, емхана қызметкері Жарылкасын Алимжан денсаулыққа пайдалы қимыл жаттығуларын қарттармен біріге көрсетті.
Қарт аталарымыз бен апаларымыз өткізілген іс-шараға белсене қатысып, емхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіре отырып, жастарымызға белсенді ұзақ өмір сүрудің басты қағидасы – бұл салауатты өмір салтын ұстау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, белсенді дене қимылы екенін атап айтты. Қатысушылар саны 26