Қамқорлық жасау біздің қолымызда
№22 қалалық емханасында 15 қазан 2019 жылы емханамызға қарасты Шаңырақ 1-2 ықшам ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі жандарына арнап «Қамқорлық жасау біздің қолымызда» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Іс-шара кезінде емханамызға тіркелген, диспансерлік есепте тұратын балалар мен ересек жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық көмек түрлері: кеуде қуысының флюорографиясы, ЭКГ, артериалды қан қысымын өлшеу, холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау тәрізді тексеру жүргізіліп, мамандандырылған дәрігерлерден (терапевт, кардиолог,невропатолог, хирург, окулист және психолог) кеңес алынды. 16 адам қамтылды (11ересек, 5 бала)
Емханамыздың қызметкерлері отбасылық дәрігер, әлеуметтік қызметкер, психолог маманы мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топтағы жандардың отбасына барып, медициналық және әлеуметтік психологиялық көмек көрсетті. 15 адам қамтылды (9 ересек, 6 бала)