г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Коронавирустың алдын-ала алу

№22 қалалық емхана қызметкерлерінің суық тиюдің, соның ішінде коронавирустың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі белсенді жалғасуда..

№ 26 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында “Короновирустық инфекция. Симптомдары. Алдын алу” тақырыбында семинар сабағы өтті. Мектеп мейірбикесі Қырықбаева Мейрамгүл коронавирус инфекциясының белгілері, жұғу жолдары , алдын алу туралы, әлемде осы инфекция бойынша эпидемиологиялық деректерді атап өтті.

Коронавирус жұқтырған адамда суық тию, жөтел, тамақтың ауруы және кеуденің қысылу сезімі, пневмония мен бронхитке ұқсас белгілер байқалады. Семинар соңында мейірбике ауруды алдын алу үшін үй-жайды желдетуді, қозғалыс режимін сақтауды, таза ауада көбірек болуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануды, толыққанды ұйқы мен демалуды ұмытпауды, салқындамауды және тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделуді ұсынды.