г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

№22 қалалық емхананың профилактика және СӨС бөлімінің қызметкерлері

№22 қалалық емхананың профилактика және СӨС бөлімінің қызметкерлері Саялы шағын ауданындағы Алматы қаласы автомобилистерге арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері орталыққа келушілерге емханаға тіркелу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері және өз мәртебесін анықтау, МӘМС артықшылықтары туралы түсініктеме берді. МӘМС бойынша буклеттер, парақшалар таратылды, берілген сұрақтар бойынша жеке әңгімелер жүргізілді.