МӘМС тарату жалғасуда
Әлеуметтік қызметкерлер Маратулы Б, Акимова У емханаға келушілер арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті туралы, сондай-ақ емханаға тіркелу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзінің мәртебесін анықтау, МӘМС жұмысының схемасы туралы түсіндірді. МӘМС қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін ақпараттық-білім беру материалдары, брошюралар мен буклеттер таратылды.