г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Қарттар күніне арналған айлық жоспары бекітіліп

№22 қалалық емханамызда 2019 жылдың қазан айында Қарттар күніне арналған айлық жоспары бекітіліп, осы жоспар аясында бір қатар іс-шараларымыз жасалынды. Аталып отырған іс-шараларымыз төмендегідей:
1. №22 қалалық емханамызда 2019жылдың қазан айының 2-сі күні Қарттар күніне арналған айлық барысында «Ардагерлерді ардақтайық» атты қарттарға арналған ашық есік өткізілді. Іс-шараға ересек жастағы,яғни Алатау ауданының 65-жастан жоғары, оның ішінде мүгедектер, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға медициналық көмек түрлері: кеуде қуысының флюорографиясы, құрсақ қуысының УДЗ, артериалды қан қысымын өлшеу, холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау тәрізді тексеру жүргізіліп, мамандандырылған дәрігерлерден (терапевт, кардиолог,невропатолог, хирург, отоларинголог, окулист, эндокринолог және психолог) кеңес алынды. Өкендер саны – 21 адам.
2. Емханамыздың Бас дәрігері Айткенова С.Н қарттарымызды құттықтап, игі тілегін білдірді.
3.Денсаулықтарынан анықталған ауруларына байланысты кешенді түрде ем-дом қабылдап, бірнеше қарттарымызға күндізгі бөлімге жолдама берілді.
4.Сонымен қатар, қарт ата-апаларымызға ауруды алдын алу бөлімі маманы әлеуметтік қызметкер Акимова Улмекен «Қарт кісілердің тамақтану ережесі», психолг маманы Октябрь Гулзия «Көңіл күйді жақсарту» атты тақырыпта семинар сабақтар жүргізді. Өз денсаулықтарын нығайту мақсатында қарттарымыз тиімді ақпарат алып қайтты. Жалпы 10 қарттарымыз қатысы. Бұл іс шара бір жағынан замандас қариялардың бас қосып, бір-бірімен жолығып сыр бөлісуіне де себеп болды.