Консультация бөлімі акушер-гинеколог маманы Мухамеджанова Г.К
№ 26 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып жасөспірім қыздар арасында №22 қалалық емханасының әйелдер консультация бөлімі акушер-гинеколог маманы Мухамеджанова Г.К,
“Жеке бас гигиенасы және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік” тақырыбында семинар өткізді. Семинар соңында жасөспірім қыздар өздерің қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.