АПВ-ға қарсы екпе маңызы
Алатау ауданына қарасты №180 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері арасында адам папиллома вирусы (АПВ) және оның алдын алу шаралары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп дәрігері Жумабай Шолпан, мейірбикесі Қыдырова Медина АПВ вирусыныің қауіпі туралы, оның онкологиялық аурудың дамуына ықпалы және ең тиімді қорғаныс бұл екпе жасау екенін түсіндіріп берді.
Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері АПВ берілу жолы, қауіпті түрі және жасөспірімдерге екпе салудың маңызы жөнінде қажетті ақпарат алды. Дәрігерлер екпе салу жатыр мойны қатерлі ісігінің және вирустың әсерінен туындайтын басқа да қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететінін атап өтті.
Ерекше назар жыныстық өмір басталғанға дейін екпе алудың маңызына аударылды, себебі дәл осы кезеңде ағзаның иммундық жауабы барынша тиімді болады. Сонымен қатар, АПВ-ға қарсы екпе салу Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілгені және оның тегін жүргізілетіні туралы айтылды.