г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Ұлыстың ұлы күні — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

2025 жылдың 14 наурызында “№22 Қалалық емханасы” 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күнін» атап өтті. Бұл күн мәдениетімізді, өнерімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған. Мерекелік іс-шара емхана қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен өтті. Емхана қызметкерлері қазақ ұлттық киімдерін киіп, киіз үй орнатып, қазақ халықының әдет-ғұрыптарын көрсетіп, ұлттық тағамдары:наурыз көже, қымыз-қымыран, бауырсақ, құрт әзірлеп, қонақтарга ұсынды. Қонаққа ауданымыздың ардагері, қариямыз Бержанов Б.Ж шақырылып, салтанатты мерекені ашып, батасын берді.

Емхана қызметкерлері мен қонақтарын әкімшілік атынан директорымыз Есиркепова Сауле Нуражиевна құттықтады. Емхананың жалпы тәжірбелі дәрігерлер, әйелдер кеңесі, шаруашылық бөлімі қызметкерлері, ата бабамыздың салт-дәстурлері тұсау кесу, бесікке салу және қазақтың ұлттық ойындары асық ату, ләнгі тебу, арқан тартуда өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Емханамыздың басшысы Есиркепова С.Н кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, сый сиапатын көрсетті. Келген қонақтар дастарханнан дәм татып, емхана қызметкерлеріне ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді.