г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Медициналық қауіпсіздік және төтенше жағдайларға дайындық

Дәрігерлердің жұмысы адам қызметінің ең күрделі және жауапты түрлерінің бірі болып табылады. Медицина қызметкерлері қызметінің түпкілікті нәтижесі-пациенттің денсаулығы-көбінесе медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен денсаулық жағдайымен анықталады.

Медицина қызметкерлерінде аурудың алдын алу инфекциялардан кәсіби қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. 18.03.2025 жылы “№ 22 қалалық емханада” ШЖҚ КМК-да емхананың медбикелеріне арналған “Авариялық жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар. Апаттық жағдайдың үлгілері” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді,онда спикер болып ЖПД 1 бөлімшесінің аға медбикесі-Мейрбаева Светлана Назарбаевна сөз сөйледі.

Төтенше жағдайлардың себептері қарастырылды, медицина қызметкерлері үшін инфекция қаупінің жоғарылау кезеңдері анықталды және күнделікті сақтық шаралары, апаттық жағдайлардың бес моделі ұсынылды. Өйткені, Медбикенің сауаттылығының арқасында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі артады.