“Туберкулез ауруының таралуы және емі ” тақырыбында семинар-тренинг
2025 жылдың 28 наурыз күні Алатау ауданы №22 қалалық емханасының дәрігер-фтизиатрі Шилманбетов Сукарно Ашимович медициналық қызметкерлер арасында “Туберкулез ауруының таралуы және емі ” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында өкпе туберкулезінің клиникалық формалары, профилактикасы, диагностикасы, жұғу жолдары және емі туралы ақпарат беріліді. Сонымен қатар, қандай категориямен емделетіні, қанша мерзімге дейін ем жүретіні, қандай препараттар қолданатыны туралы нақты айтылды.
Дәрігер маман медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде туберкулездің профилактикасы және емдеу жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыру туберкулез ауыртпалығын төмендетуге және еліміздің халқының денсаулығын жақсартуға әкелетін жеткізді.