г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00

Туберкулездің алдын алу айлығы

2025 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін біздің республикада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы өтуде. “№22 қалалық емхана” ШЖҚ КМК-да туберкулез ауруының алдын алуға бейімділікті қалыптастыру және хабардарлықты арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды . 12.03.2025 ж.”№22 қалалық емхана” ШЖҚ КМК “туберкулезді ерте анықтау”тақырыбында семинар өткізді,спикер ЖПД 2 бөлімшесінің аға медбикесі-Нышанбаева Жұлдыз Хамидовна болды.

Халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылып, ең алдымен туберкулезді ерте анықтау әдістеріне баса назар аударылды:

  • молекулалық-генетикалық әдіс және микроскопиялық зерттеу көмегімен қақырықты зертханалық диагностикалау;
  • туберкулез ауруы қаупі жоғары халық топтары арасындағы флюорография;
  • тәуекел тобындағы балалардағы туберкулин диагностикасы-Манту туберкулин сынамасы, рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама.