г. Алматы, мкр. Шанырак-2, ул. Жанкожа батыра, д.193а
Жұмыс уақыты: пн-пт 8:00 - 20:00, сб 8:00 - 16:00
Тіркеу: 8 (727) 318-78-73, 380-87-25, 26, 07
Call-орталығы:
8 (727) 380-87-41

Халықаралық қарттар күні

№22 қалалық емханасында 15 қазан 2019 жылы «Карттар айлығы» және «Халықаралық қарттар күніне» арналған іс-шаралық жоспарын іске асыру шеңберінде мерекелік іс-шара
өткізілді. Іс-шараға ересек жастағы, яғни Алатау ауданының 65-жастан жоғары, оның ішінде мүгедектер, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ оларға теңестірілген қарттар шақырылды.
Мерекелік іс-шара емхана қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылды. Қарттарымыз мерекелік іс шараға қазақша дәстүрде киімдерін киіп келіп, өз өнерлерін көрсетіп, «Қара жорға» биіне билеп, домбырамен өлең айтып, жиналған қауымды таң қалдырды.
№22 Қалалық емханамыздың ізгі іс-шараларына белсене қатысып, қосқан үлесі мен игілікті еңбегі үшін, қарттар «Парасат» мектебінің сабағына үнемі үзбей келіп жүрген қарттарымызға, емхана әкімшілігінің атынан бас дәрігер Айткенова Сәния Нұрмұқанқызы қарттарды мерекесімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады! Қарттарымызға сыйлықтар табысталды.
Келген қарттарымыз емхана қызметкерлеріне ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді. Мерекелік іс шараға 25 қарттарымыз ат салысты.